Ажары кіріп, базары қайнаған Нарынқол

19.09.2019

Хан Тәңірін елестетсеңіз, көз алдыңызға ең әуелі Нарынқол келеді. Себебі, бұл Жетісудың ең шалғай өлкесі. Шекараның шебіндегі елді мекен тоқсаныншы жылдары ыдырап, өңі қашқан өңірге айналған еді. Ал, былтыр Елбасының шешімімен Райымбек ауданы болып қайта құрылды. Бір жылдың ішінде кезінде ауылдан үдере көшкен жұрт кері қайтып, қазір мал өсіріп, егін салып жатыр. "Туған жерге туымды тігемін" деп келген жастарға жергілікті билік баспана беріп, жұмыс тауып берді. Тілші материалы.

Аудан мәртебесін кері қайтарғаннан кейін Нарынқолдың ажары кіріп, базары қайнады. Қазір ескі әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Ал, жаңа халыққа қызметке көрсету орталығы, әкімдік ғимараттарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

Бір жыл бұрын келгенде істің басын көргенсіз. Халық қуанып, аудан ашылып, шекараның қасында бұрын тозып, көп жастар нарынқол ауылынан Алматыға барып, жұмыс істеп жүрген. 1200 жас қайта оралды. Кішкентай балаларымыз бар. Оқушылар бар. Бұл жерде өте дарынды балаларымыз бар. солар спортқа жақын болсын деп спорт нысанын салып жатыр/.

Шекараның түбіндегі стратегиялық маңызы зор ауданда жолдар жөнделіп, көшелерге жарық бағаналары орнатылды. Ал, әрісі Алматы, берісі Кегенде жүрген 200-ге жуық Нарынқолдық жас қайта оралды. Олардың 50-і - мемлекеттік қызметші. Құрылыс басталғаннан бері жұрт жұмыссыз емес. 

Әділет Байтуов, Нарынқол ауылының тұрғыны:

Ауыл түлеп жатыр. Құрылыстар жүріп, жұмыс бар. 00:09 Құдайға шүкір! Бала-шағамызды бағып жатырмыз. Соған қуаныштымыз.

Шұрайлы жері, құнарлы шөбі бар ауданның ауылшаруашылығы саласында да соны серпін бар. Облыс тарапынан шаруалар үшін картоп өсіруге арналған жаңа техника алынды. Ал, диқандар картоптың жаңа сортты тұқымдарын егіп, биыл мол өнім алды. 

Нұрлан Оралқұлов, Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

9877 гектар дәнді-дақылымыз бар. 6000 гектар картобымыз бар. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қазір осы картопқа байланысты үш сервистік дайындау орталығы құрылды.

Жас мамандарға Жағатал өзенінің жағасынан 20 жаңа баспана салынып, пайдалануға берілді. Ал келер жылы 83 жеке тұрғын үй алабы бой көтермекші. 33-нің құрылысы биыл басталады. 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу