Мәжілісте Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай сурет көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай сурет көрмесі өтті

17.09.2019

Мәжілісте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай сурет көрмесі өтті. Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутаттар және марқұмның отбасы мүшелері қатысты.

Палата Спикері Марат Оспановтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, егемен еліміздің дамуына, елімізде парламентаризмді қалыптастыруға қосқан зор үлесі туралы, ғылыми қызметі мен адамдық ізгі қасиеттері жөнінде баяндады. Көрмеге Марат Тұрдыбекұлының бала кезінен Мәжіліс Төрағалығына дейінгі өмір жолынан сыр шертетін суреттер қойылды.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу