Кентау халқы С.Қожановты еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентау халқы С.Қожановты еске алды

17.09.2019

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл. Осыған орай кентаулықтар Қожанов саябағына жиналды. Ондағы ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. 

Еске алу шарасы ғылыми-практикалық конференцияға ұласты. Еліміздің әр аймағынан келген ғалымдар қайраткердің тарихтағы салмағын нақты деректермен таразылап берді. Жиында сұлтанбектанушылардың бірқатары марапатталды. 

Қожанов - Түркістан республикасының ішкі істер халық комиссары болған. Ірі ағартушы. Ұлттық баспасөздің негізін қалаушы. Қазақстанның қазіргі шекарасын сақтап қалған күрескер. Әрі мақта шаруашылығын ұйымдастырушы экономист. Қанды қасап жылдары Сұлтанбек те Қызыл үкіметтің қанды құрығына ілінеді. 1938 жылы «жапон тыңшысы» деген жаламен ату жазасына кесіледі. 

Гүлсара Қабланова, журналист, С.Қожановтың жиені:

Мен С.Қожановтың Өсипа деген қарындасы болған, соның қызымын. Ол көп қырлы азамат. Ғалым. Есептану кітабын шығарған. Публицист, редактор. Көптеген ақын-жазушыларға қамқорлық жасаған.  

Сұлтанбек Қожанов, немере інісі:

Алдағы уақытта өзінің туған жері Ақсүмбе елді мекенінде, Жетісай, Шардара қалаларында осындай үлкен іс-шаралар өтеді.

Хабарламаларға жазылу