Алматы облысының полицейлері көшеде қабылдау жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының полицейлері көшеде қабылдау жүргізуде

16.09.2019

Алматы облысында жолда және аулада қабылдау акциясы басталды. Полицейлер халық ең көп жүреді деген жерлерде шатыр тігіп, азаматтардың жеке мәселелерін қарап, сол жерден нұсқау және заңгерлік кеңес беріп тұрғындарға жақындай түсті. Тіпті кейбір шағын аудандарға полиция департаментінің басшылары өздері барып, басшының қабылдауына кіре алмай жүрген азаматтармен жолығуда. 

Қазіргі таңда қалаға 900-ге жуық бақылау камерасы орнатылды. Ұсақ қылмыстар азайып келеді. Келер жылы тағы 500-дей камера қою жоспарланған. Кездесу барысында қала халқы көбіне қоғамдық деңгейдегі мәселелер қолға алынса деген ұсыныс айтты. Әсіресе, тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар көбейіп барады. 

Гүлназ Тілеуберлинова, әлеуметтік оңалту орталығының директоры:

Қаңғыбастыққа үйреніп алып, далада қаңғып жүре бергісі келеді. Сондай адамдарға түнде жататын орын болса, олар келіп, сол жерде жуынып-шайынып, тамағын ішіп, ертеңіне көшеде қаңғып жүрмей, тап-таза болып жүретін, сондай бір ғимарат бізге керек. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу