«Жетісу – алманың отаны» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу – алманың отаны»

13.09.2019

Осындай атаумен Алматы облысы, Талғар ауданынының Алмалы ауылында республикалық бақ күні өтті. Оған елдің әр қиырынан келген бағбандар мен диқандар, аграрлар және шетелдік мамандар қатысты. 

 Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында болған көрмеде отандық алма мен көшеттер, осы саладағы жаңа технологиялар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, алманың «Апорт» сортының байқауы да ұйымдастырылды. Жалпы, бағбандардың сөзінше, қазір жеміс-жидек, жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызып, өсіру шығындарына субсидия беріледі. Әблетте, бұл үлкен көмек. Алайда, мемлекет тарапанан жаңғақ сияқты майлы дәндерге қаржылай қолдау мүлдем жоқ. Ал, қаражат жетпегендіктен, елімізде жаңғақ шаруашылығы дамымай, кенже қалып отыр.  

Танабай Шынтасов, бағбан:

Алты институтпен жұмыс ісетйміз. Біздің қазір жұмыс істеп жатқан жұмыстың барлығында ғылымның еңбегі бар. бірақ, олардың қаржысы төмен болғандықтан, көп араласа алмайды. Мысалы, жаңғақ тектес жөнінде Қырғызстанда екі орехпен айналысатын екі институт бар. Қазақстанда бір кафедра, тіпті бөлім жоқ. Сондықтан, осы мәселеге көп бөңіл бөлуіміз керек. Мен қайта-қайта жаңғақ деп жатқаным, жаңғақ суды өте аз пайдаланады. Бес есе. Мысалы, алмаға қарағанда.

Алмат ӘБДІРАМАН



Хабарламаларға жазылу