АҚШ соты мигранттарды қабылдамауға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ соты мигранттарды қабылдамауға рұқсат берді

12.09.2019

АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трампқа орталық америкалық мигранттарға пана беруден бас тартуға рұқсат берді. Бұл заң елдің Мексикамен арадағы шекарасынан өтушілерге қатысты. Осылайша, Трамптың сайлау алдында иммиграциялық саясатты қатаңдатуға берген уәдесі орындалайын деп отыр. Ақ үй басшысының өтінішін тоғыз судьяның жетеуі қолдаған. 

Енді осы жеңісінің арқасында Трамп келесі жылы өтетін президенттік сайлауда көп ұпай жинаудан үмітті. 

Мақұлдаған ережеге сәйкес, Мексика арқылы келген сальвадорлық, гватемалалық, гондурастық отбасылар мен жеке адамдардың түгелге жуығы Құрама Штаттар аумағына кіре алмайды. Бірақ, Америка азаматтық бостандықтар одағы бұл шешімді АҚШ-тың иммиграциялық заңына қайшы деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу