Голландиялықтардың ауыл шаруашылығы саласындағы тың жетістіктерін игеру үшін қазақстандық делегация Нидерландқа арнайы барды. Сапар барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Дақылдар мен көкөністердің ғылыми-зерттеу және Өсімдіктер карантині орталықтарының өкілдері бірнеше мекемені аралады. Тұқымдық картопты ұлттық тіркеуден өткізу жөніндегі Нидерланд тәжірибесімен танысты.
Сондай-ақ, қос елдің мамандары картоптың сұрыпталуы, тұқымды сертификаттау және тіркеу шарттары бойынша өзара тәжірибе алмасты. Шаруа қожалықтарының иелерін голландық әріптестерінің картоптан сапалы, мол өнім алу әдісі қызықтырады. Айта кетейік, Нидерланд жылына 80 млрд еуроның ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттап, елдің ішкі жалпы өнімінің 10 пайызын қамтып отыр.
Нұрсұлу ҚАСЫМ