Президент «Лукойл» компаниясының президентімен кездесті

05.09.2019

Мемлекет басшысы аймаққа жасаған сапары аясында ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы өзара қарым-қатынастың келешегін талқылады. Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамытудағы «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады. Стратегиялық инвестициялық серіктестіктің алдағы уақытта да жемісті боларына сенім білдірді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу