Екібастұзда медицина саласының 28 қызметкері баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда медицина саласының 28 қызметкері баспаналы болды

02.09.2019

Олар - өзге өңірлерден келген жоғары білікті дәрігерлер. Мәселен, кеншілер мен энергетиктер қаласында акушер-гинеколог, реанимация анестезиологы, неанотолог жетіспеушілігі салдарынан тұрғындар облыс орталығына баруға мәжбүр болатын. Бұл мәселе біртіндеп шешіле бастады. 

Жаңа баспана алғандардың көпшілігі - тәжірибелі мамандар. Оларға екі бөлмелі, ал Семей медицина университетінің 10 түлегіне бір бөлмелі пәтер берілді. Баспаналы болғандардың бірі - Тоғжан Сақарбекова. Бүгін ол қалалық перзентханаға түнгі ауысым жұмысына барады. Жас маман жұмысына кіріспес бұрын жеке шаңырағын көріп, үй ішіндегі тірлігін реттестіріп алуға асық.

Тоғжан Сақарбекова, жаңа пәтер иесі:

Бүгін өте қуанышты күйдемін. Отбасым да, туған-туысым да өте қуанып жүр.

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу