Ғарышкерлерді аспанға аттандыру қанша тұрады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарышкерлерді аспанға аттандыру қанша тұрады?

08.06.2019

7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд, 341 тәулік 9 сағат 48 минут 41 секунд, 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секунд. Бұл сандар құмының құны құйма алтыннан қымбат қазақ елінің кеуде керіп мақтанатын межесі. Қазақта жаһанды жанарына сыйғызған үш батыр бар дедік қой. Бұл сол аспанды бағындырған алыптартың ғарышта қанша уақыт болғанын дәлелдейтін дерек сандар. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы, Талғат Мұсабаев 1994, 1998, 2001 жылдары үш мәрте және Айдын Айымбетов 2015 жылы ғарышқа ұшты. Кемеге отырып көкке кеткендер, текке кеткендер емес екенін ескеру керек. Үш батырда Қазақстанның ғарыш бағдарламасына толағай табыс әкелетін тәжірибелер жүргізген. Бүгінге дейін, жер басып жүргендердің қиялына ғана сиятын ғарышқа 550-ге жуық адам ұшқан. Соның әрқайсысы сапардың тарихи танымын түсініп, оны елге, жерге деген махаббатпен мадиықтауға тырысты. Мәселен, Талғат Мұсабаев тарихта тұңғыш рет Қазақтың көк туын, атамекеннің бір уыс топырағын және Құран кітабын ғарышқа өзімен бірге алып барды. Тамаша. Ғарыш, аспан, шексіздік дегенде бала кезден естіп өскен талай тылсым дүние ойға оралады.

Құрметті көрермен, қазір әр жұлдызға тесіле қарап тылсым іздеп кетпейік. Өзге ғаламшарлықтар туралы анық, қанық деректі сюжетте  көрсетеміз. Ғарышкерлер туралы айтқанда, Алисса Карсонды ұмытуға болмайды. 18 жасар қыз қазір NASA-да жаттығуда. Ғарышқа ұшуға рұқсат алды. Ең бастысы, Алиссаны 2033 жылы Марс ғаламшарына аттанатын экипаждың құрамына қосқан. Бұйыртса, жерден 2033 жылы ұшқан ғарыш кемесі 2039 жылы Марсқа барады, тіршілікке қажет дүниелер табады деп күтілуде. Ғарыш - алыс емес демек. Сонымен өзге ғаламшарлықтар мен қазақ ғарышкерлері туралы сіз бен біз білмей келген ақпараттарды Азамат Бейбітұлы ақтарып айтады, көріңіздер...

Хабарламаларға жазылу