Алматыда жылыту құбыры жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жылыту құбыры жарылды

07.12.2021

Алматыда Рысқұлов көшесінің бойында жылыту құбыры жарылды. Салдарынан жүргізушілерге қиындық туып, даңғыл бойын қою тұман басып қалды. 

Қуан Нұрақын, тілші:

Куәгерлердің сөзінше, жылу құбырындағы ақау таңға жуық біліне бастаған. Ыстық бу аспанға көтеріліп, соның салдарынан жүргізушілерге жолда жүргуге қиындық туғызған. Қалалық Полиция департаменті қазір Рысқұлов көшесін батыс бағытқа қарай жауып тастады. Көліктерді кері қайтарып жатыр. Қазір апат болған жерде қалалық «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің бригадасы жұмыс істеп жатыр. Олардың хабарлауынша, қазір қызметкерлер буды тоқтатқан. Құбырды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге қанша үйдің жылусыз қалғаны белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Құбырдың не себептен жарылғаны да қазір анықталып жатыр.


Алматы жылыту құбыры Рысқұлов көшесі

Хабарламаларға жазылу