«Қоғамдық пікір» институты әлеуметтік сауалнаманың соңғы кезеңіне кірісті

09.06.2019

Социолог мамандар Түркістан облысындағы сайлау учаскелерінің шыға берісінде тұрып, жұртшылықтың пікірін жинақтауда. Олар таңғы сағат 7-ден бастап, кешкі 5-ке дейін үзіліспен осындай үш лекпен сауалнама жүргізген.

Соңғы саты сайлау аяқталғанша, яғни кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Институт жалпы еліміз бойынша сайлауға дауыс берген 13 мың азаматпен пікірлеспек. Сауалнама жүргізуге 300-дей маман жұмылдырылған.

Осыдан бес жыл бұрын құрылған «Қоғамдық пікір» институты бұл іспен соңғы бес жылдан бері айналысып келеді.

Юрий Цой, қоғамдық пікір институты өкілі:

Біздің басты мақсатымыз сайлау нәтижелеріне алдын ала болжам жасау. Сол мақсатта бүгін біздің өкілдеріміз сайлау учаскелерінде сауалнама жүргізіп жатыр. Дауыс берген әрбір бесінші адамға «Сіз кімге дауыс бердіңіз» деген бір ғана сұрақ беріледі. Пікірлер әрине құпия сақталады. Экзит пол нәтижелерін бүгін түнгі сағат 12-де жарияламақпыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу