Сайлаудағы тәртіптің бұзылмауы мен ереженің қатаң сақталуын 1013 байқаушы жіті назарда ұстап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаудағы тәртіптің бұзылмауы мен ереженің қатаң сақталуын 1013 байқаушы жіті назарда ұстап жүр

09.06.2019

Алыс-жақын мемлекеттен келген олар тұрғындардың таңдау жасауға бей-жай қарамай, белсенділік танытып жатқанын айтуда.

Гисмат Гозалов, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары:

Біздің құрам екіге бөлінді. Бір тобымыз осы Нұр-Сұлтанда, екіншісі Алматыда. Байқаушы ретінде сайлау учаскелерін аралап жүргенімізге төртінші күн. Бүгінге дейін қандай да бір олқылық, заң бұзушылық байқамадық. Бауырлас Қазақстан халқын сайлау күнімен құттықтаймын. Таңдау әділ әрі демократиялық жолмен өтеріне күмәніміз жоқ.

Юлюс Сабатаука, Литва Сеймінің депутаты:

Бірнеше учаскеге бардық. Адамдар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Ешқандай түсініспеушілік жағдайы туындамады. Барлық ережелер сақталған. Мұнда сайлаушыға қажет мәліметтер бар.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу