ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Абай Құнанбайұлының «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін оқыды.
Өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялаған видеода министр 9 жастағы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы жолдаған эстафетаны қуана қабылдағанын айтады.
«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мырзаға және айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ханымға жолдаймын», - деді Д.Абаев.