Елордалық бүлдіршіндер Абай өлеңдерін жатқа оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық бүлдіршіндер Абай өлеңдерін жатқа оқыды

23.10.2019

Балалар кітапханасындағы «Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби кеш ұлы ақынның 175 жылдық меретойына арналып өткізілді. Шараның мақсаты - бүлдіршіндерді Абай ілімімен таныстыру. 

Аталған кешке елорданың бірнеше балабақшасы атсалысты. Балалар мен ата-аналар қара сөздер мен өлеңдерді жатқа оқып, сахналандырылған көріністер қойды. Сондай-ақ, 50 шақты баланың қиялынан туған Абай шығармашылығына арналған көркемсурет көрмесі ұйымдастырылды. 

Хабарламаларға жазылу