ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген инвентаризация бос жатқан 16,5 млн гектар жерді анықтады. Бұл – мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
«Келесі жылдың соңында барлығы реттелуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, барлығы цифрлануы тиіс», - деді Президент.