Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

29.07.2019
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер 29 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды деп болжайды. 

29 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м\с.  Нұр-Сұлтан қаласында бүгін найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. 

Қостанай облысының да кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. 

Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады және шаңды дауыл болады деп күтіледі. Батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м\с деп болжанады. 

29 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Шаңды дауыл болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м\с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м\с болады.

Фото: pakistankakhudahafiz.com

Хабарламаларға жазылу