Президент Бас прокурорға жазасын өтеушілерді азаптау дерегін тергеуді тапсырды

31.07.2019
Президент Бас прокурорға жазасын өтеушілерді азаптау дерегін тергеуді тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Алматы обл. Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет», - делінген хабарламада.

 

Хабарламаларға жазылу