Алматы тұрғындарына пайызсыз несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тұрғындарына пайызсыз несие беріледі

20.02.2020
Алматы тұрғындарына пайызсыз несие беріледі

Halyk Arena-дағы кездесуге 3200 адам қатысқан.

Бақытжан Сағынтаев Алматыда қоғамдық көліктердің мәселесі өзекті екенін айтып, жаңа 14 бағыт пайда болғанын мәлімдеді.

Алматыдағы экология мәселесін көтерді. Әкім мегаполис тұрғындары тұмшадан арылу мәселесі алаңдатып отырғанын айтты.

Экология мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берген әкім микроавтобустарға жолда ауаның ластануын анықтайтын арнайы құрылғы орнатылатынын айтты. Енді арнайы микроавтобустар Алматыдағы ластану деңгейін өлшейді.

Жиында газ мәселесі туралы сауалдар өзекті болғаны сөзсіз. Сағынтаев кездесуде енді алматылықтар үйіне газ орнатып алуы үшін «Халық банк» пайызсыз несие беретінін айтты.

Сағынтаев балабақшаларда әлі де орын жетіспейтінін және тұрғындардың көбі балаларын мемлекеттік балабақшаға бергісі келетінін айтты.

Әкімге сұрақ қою барысында тұрғындардың бірі қаладағы жарнама баннерлерінің санын азайтып, орнына танымал тұлғалардың нақыл сөздерін жазу ұсынылды.

Алматы тұрғындары сұрақ қою рәсімінде әкімнің қабылдауына кіре алмайтынын айтып, шағымданды. Бақытжан Сағынтаев мұндай мәселе не үшін туындайтынын түсіндіріп берді.

Кездесуде қала тұрғындары Алматыға трамвайларды қайтару мәселесін көтерді. Әкімнің айтуынша, қоғамдық көліктің бұл түрін қайта іске қосу үшін қыруар қаражат керек болады. Алайда Сағынтаев туристік трамвайды іске қосуға уәде берді. Туристік трамвайды Көк базар жақта салуға болады екен.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, сел болған жағдайда тосқауыл болатын бөгет керек. Бүгінде екі бөгет салуға арналған дайындық жұмыстары аяқталған.

Оның айтуынша, Қордайдағы қақтығыс туралы хабар келіп түскен соң Алматының барлық қызметі жұмысты күшейтті. Олардың ішінде құқық қорғау органдары мен әкімдіктің қызметкерлері бар.

Almaty.gov.kz


Хабарламаларға жазылу