Қ.Тоқаев: Ағылшын тілін 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастап оқыту тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Ағылшын тілін 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастап оқыту тиімді

16.08.2019
Қ.Тоқаев: Ағылшын тілін 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастап оқыту тиімді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді.

«Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды. «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп Елбасы өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу