Мектеп оқушыларын шамадан тыс жүктеу дұрыс па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп оқушыларын шамадан тыс жүктеу дұрыс па?

04.02.2015
Мектеп оқушыларын шамадан тыс жүктеу дұрыс па?

Балаға мұндай күн тәртібі қиын, білім бағдарламасы тым күрделі, дейді анасы.

Елімізде 2012 жылдан бері ағылшын тілі бірінші сыныптан оқытылады. Оған өзге пәнді қосыңыз. Мәселен, Жапонияда шет тілі 6-шы, ал Қытайда 3-ші сыныптан оқытылады.

1-ші сыныптан шет тілін оқыту Қазақстаннан басқа әзірге әлемнің еш елінде жоқ. Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған жеткіншектің барлық пәнді меңгеріп кетуі оңай емес. 

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Әтіркүл Наурызбаева балаға білім беруде мұғалімнің шалыс кетпеуі маңызды екенін айтады.

Тәжірибелі маман салаға жаңа реформа қажет», - дейді.

Ал, құзырлы министрлік өкілдері мектеп бағдарламасы күрделі деген пікірмен келіспейді.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу