Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында үштілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді.
«Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды. «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп Елбасы өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын», - деді Президент.