Лассино Зербоны Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдады. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы арасындағы өзара ықпалдастықты, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын одан әрі ілгерілету тетіктерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының абыройы арта түсті. Ұйым халықаралық аренада зор беделге ие. Біз Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы қызметіндегі жемісті еңбегіңізге ризашылық білдіреміз.
Лассина Зербо, Ядролық Сынаққа Жалпыға Бірдей Тыйым Салу Туралы Шарт Ұйымының Атқарушы Хатшысы:
Бүгінгі салтанатты шара өте жоғары деңгейде өтті. Мен Қазақстанға алғаш рет 2005 жылы келген едім. Сол кезде осы мемлекетпен біраз байланысым бар екенін білдім. Тұңғыш Президенттеріңіз де, сіз де ядросыз әлем құруға мүдделі екендеріңізді көрсетіп жүрсіздер. Әрқайсымыз қажырлы еңбек етсек, осы мақсатқа жете аламыз.
Альбина ӘШІМ