Павлодарда студенттер жатақханасының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда студенттер жатақханасының құрылысы басталды

28.08.2019

Павлодарда ауылдық жерлерден және өзге өңірлерден келетін студент жастар үшін бірнеше жатақхана құрылысы басталды. Аймақтағы ірі өндіріс ошақтарына мамандар даярлайтын Ақсу қара металлургия колледжінде соңғы жылдары студенттер қатары күрт өсті. Қазір 400- ден аса бала бар. Олардың 200-і шеттен келіп оқиды. Тіпті, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан келіп оқуға түскендер бар. Олар туыстарының үйіне барып тұруға немесе пәтер жалдауға мәжбүр. Сондықтан биыл бюджеттен 670 миллион теңге қаржы бөлініп, 200 орындық жатақхана құрылысы басталды. Нысан жыл аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

Ольга Поддубная, Ақсу қара металлургия колледжі директорының міндетін атқарушы:

Алдымен ауылдық жерден келген балаларды орналастырамыз. Сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан студенттерге бөлме беріледі. Бір бөлмеде екі баладан тұратын болады. Жуынатын бөлмеден бастап тұрмысқа қажетті жайлы жағдайдың бәрі қамтылған. Менің ойымша, студенттерге тек жақсы оқу керек

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу