Кітапханашы мамандығы шамамен 4500 жыл бұрын пайда болған. Біздің заманымызға дейінгі II ғасырда ақпарат жазылған сазбалшықтарды жинаған парсылар ең алғашқы кітапханашылар болып саналады. Платон, Аристотель секілді ұлы ойшылдардың кезінде кітап пен ақпаратты жинау құлдардың басты міндеті болған. Одан кейін Афиныда қарапайым халыққа арналған кітапхана ашылады. Осылайша кітапханашының беделі арта бастайды.
Адамзат жаппай ғылым, білімге бет бұрған тұстан бастап талай қиын-қыстау заманда да еңбек еткен. Бұл мамандардың қоғамдағы орны биік. Санжылдық жәдігерлер мен бүгінгі таңның тынысын реттейтін жазбаларды біріктіріп, оқырманға ұсынып отырған кітапханашының абыройы әлі де асқақ.
Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан киелі орда. Ал, осынау қазынаны көздің қарашығындай сақтап, жұртқа ұсынатын кітапханашының еңбегі қашан да елеулі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.