Азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін бюджеттен 143,4 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін бюджеттен 143,4 млрд теңге бөлінеді

20.10.2021

Олар мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашы, техникалық қызметкерлер, қорықшы және көлік жүргізушілері. Бұл сома тек келер жылға қарастырылып отыр. Мәжілісте тиісті заң жобасына түзетулер енгізілді. Сала мамандарының айлық табысын жыл сайын орта есеппен 20 процентке арттыру туралы Президент жолдауда айтқан. 2025 жылға дейін жалпы алғанда елде 600 мың азаматтың жалақысы өседі.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу