Аңшылық кәсіп пе, еріккеннің ермегі ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аңшылық кәсіп пе, еріккеннің ермегі ме?

29.01.2019

Жыл өткен сайын Қазақстанның Қызыл кітабы қалыңдап барады. Жыл өткен сайын аң мен құстың қатары сиреп бара жатыр. Жыл өткен сайын аңшылықты кәсіп те емес, өнер де емес, еріккеннің ермегі деп түсінетіндер де көбейіп келеді.

Қазақстан - саятшылықты спортқа кіргізген алғашқы ел. Саятшылық өнер табиғаттағы тепе-теңдікті бұзбайтын, ұлы үйлесімге кесірін тигізбейтін еді. Аңшылықтың өз заңдары бар. Ал, қазір тексіз аңшылыр пайда болды.

Бүгінгі жабайы браконьерлік пен дәстүрлі аңшылықтың айырмашылығы қандай? Елімізде неше саятшы бар? Аңдар мен құстарды қорғау үшін не істеу керек?

Бұл туралы «Qareket» бағдарламасына келген мамандар сөз қозғады.

Аңшы Мұрат Рабатов:

Біз заңды түрде аңшылық етеміз. Құжатымыз да бар. Бірақ, қаруым бар екен деп аңды қорлауға болмайды. Аңның киесі болады. Оны түсіну керек. Жабайы болса да, аңды сыйлау керек. Аңшылық - хобби. Тек маусым кезінде, бір-екі рет аң аулауға шығамыз.

Журналист Ерік Рахым:

Мен аңшылықты саятшылық деп санаймын. Аңшының дұрысы және бұрысы болады. Біз өзімізді дұрыс аңшы деп санаймыз. Аңшы мақтаншақ келеді. Заңды болған соң аулаған аңымызды видеоға түсіреміз. Бірақ аңды қорламаймыз.

Біздің қоғамда аңшылар мен қасапшылар бар. Қасапшыларды аңшы деуге болмайды. Аңның қанын ағызып, оны буындырып, таспен ұрып жатқан да, ғаламторға салып жатқан да солар.  Инспекторлаға қарсы шығып, оқ ататын да солар.

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу