ЖПИК-тердің жұмысына қатысты заң мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖПИК-тердің жұмысына қатысты заң мақұлданды

10.04.2019

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару - еріккеннің ермегі емес, керісінше нағыз менеджерлік жұмыс. Бірақ сол үдеден шықпай тұр. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин пәтер иелері кооперативтерін өткір сынға алды.

Ал, «ҚазОрталық» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту компаниясының барынан жоғы. 250 мың мен 1 млн теңге аралығында қыруар жалақы алып отырғаны болмаса, тындырып жатқан шаруасы байқалмайды. Мүмкін мәселе енді реттелер. Өйткені кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Яғни, «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасына негізделеді. Демек, тұрғындар әр шаршы метріне жұмсалған қаржыны қадағалайды әрі талап ете алады. Бұрынғыдай 5 және одан да көп үйді бір кооператив басқару тоқтатылады. Сондай-ақ, лифтілерді лицензиялаумен қатар, жолаушылар жедел сатыларын өнеркәсіптік деңгейіне жеткізу жайы сөз болды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Бұл принцип әр үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады. Меншік иелерінің бірлестігі ағымдағы және жинақтаушы шоттарын ашады. Осылайша пәтер иелері кооперативтері және басқарушы компаниялар тарапынан қызметтер мен тарифтердің тұрғындарға жүктелмеуі, қаржының ашық жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

Мұнымен қоса, республикалық бюджет шығыстары 38 млрд теңгеге көбейетін болды. Бұл азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға қатысты. Осылайша Парламент «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал» заңды қабылдады. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу