Лингвист Владислав Тен 30-дан аса тілді біледі. Полиглоттың қазақ тілін меңгеруге арналған студиясы бар. «Tansholpan» студиясының қонағы болған Владислав Тен өзінің оқыту методикасымен бөлісті.
«Ана тілім - корей тілі. Қазақ тілін үйренгісі келетін шәкірттер жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Орыстілді қазақтарға қазақ тілін үйренудің қиын болуы – қазақ тілі шығыс тіліне жақын. Ал, олар орыстілді ортада туып-өскен. Мен 30-ға жуық тілді үйрендім. Бірақ, 5 тілді жақсы меңгергенмін.
Ең бірінші ағылшын тілін үйрендім. Негізгі мамандығым – дәрігер. Дәрігер болу үшін ағылшын тілін жақсы білу керек. Ташкент қаласының тумасымын. Қазақстанға келіп, қазақ тілін үйрендім», дейді қонақ.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.