«Qareket». Бимахан Якубов: Баламды мүгедектер үйіне өткізбеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qareket». Бимахан Якубов: Баламды мүгедектер үйіне өткізбеймін

17.01.2019

Перзент үшін әке қашан да асқар тау, бірақ, кейде таулар да қажиды. Тұрмыс қанша қынжылтқанмен, аласармайтын әкелер бар. Жігіт жасына жеткен баласын өбектеп асырап отырған Бимахан Якубов өз оқиғасымен бөлісті.

Бимахан Якубовтың жұбайы, қызы қайтыс болған. Екі қызы мен ұлы бар. Қолындағы баласы Дәурен II топтағы мүгедек.

Бір жыл бұрын Бимахан Якубовтың қан қысымы көтеріліп құлаған. Жұмысы жоқ. Баласы 16 жасқа толған соң әлеуметтік көмек тоқтатылған.

«Жұбайым, 4 балам болды. Жолдасым мен қызым 2008 жылы қайтыс болды. Балам кішкентай кезінен мүгедек. Апармаған, қаратпаған жерім жоқ. 16 жасқа дейін әлеуметтік көмек алдым.

Үйленбей кетсем де баламды мүгедектер үйіне өткізбеймін. Әрине, үйленгім, жұмыс істегім келеді. Алайда, балама қарайтын адам жоқ», дейді Бимахан.

Баланы 9 ай көтеріп, өмірге алып келген ананың орны бөлек. Бірақ ананың орнын жоқтатпай, бір үйдің шырағын өшірмей отырған әкелер де бар. Олардың бірі – Бимахан Якубов. Бұл отбасына қандай көмек көрсетуге болады?  

 

Толық нұсқасы

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу