13.01.2019 – Uly dala sazy (Ұлы дала сазы). Концерт. 1-бағдарлама (Толық нұсқа) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13.01.2019 – Uly dala sazy (Ұлы дала сазы). Концерт. 1-бағдарлама (Толық нұсқа)

13.01.2019

Бүгіннен бастап Ұлттық арнадан «Ұлы дала сазы» атта жаңа жоба бастау алады. Бұл – атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән, жыр-термелер мен күйлерді одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізетін жоба.

Осыдан екі жыл бұрын да арна көрермендерінің назарына «Мен қазақпын» жобасы жол тартқан болатын. Ол жас өнерпаздарға үлкен сахнаға жол ашса, бұл жолы осы саладағы аға буынның шеберлігі мен өнері насихатталады.

17 бөлімнен тұратын жаңа музыкалық бағдарлама әр жексенбі сайын сағат 21:00-де эфирге шығады.

Алғашқы бағдарламада өнер көрсеткендер: 

Нұркен Әшіров – «Төремұрат». Құрманғазы

Данияр Мұқан – «Айтбай». Біржан сал

Ұлжан Байбосынова – «Шораяқтың Омарының өсиет сөздері»

Мырзахмет Мукаманов – «Ағашаяқ». Берікболдың әні

Ерболат Шалдыбеков – «Сарыбайға». Ж.Жабаев

Сәуле Жанпейісова – «Сүйген жар». Ғ.Құрманғалиев

Жанғали Жүзбаев – «Кертолғау». С.Әліұлы

Құрмаш Ыбышев – «Сұрша қыз». Жаяу Мұса

Амандық Көмекұлы – «Елбайдың сөз басы». Е.Қосымбай

Ардақ Елеусіз – «Бақыт толғауы». Қ.Ахмедияров

Құралай Шаяхметова – «Ақмарал». Д.Рақышев

Мұхамеджан Тілеухан – «Бестөре». Тәттімбет

Айзат Қарабекова – «Қазақстан – аймағым». К.Әзірбаев

Баянғали Әлімжанов – «Абылай хан мен Ер Жәнібек». Б.Әлімжанов

Жақсыгелді Маясаров – «Қоңыр қаз». Ә.Найманбаев

Айгүл Үлкенбаева – «Жігер». Құрманғазы

Хабарламаларға жазылу