Тимур Қожаоғлы: Рухани дамуыңыз жақсы болмаса, экономиканың пайдасы болмайды  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Қожаоғлы: Рухани дамуыңыз жақсы болмаса, экономиканың пайдасы болмайды  (ВИДЕО)

25.05.2017

«Басты тақырып» бүгін Елордада өтіп жатқан «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты ой қозғады. Студияда АҚШ Мичиган университетінің профессоры Тимур Қожаоғлы қонақта болды.

Түркі халықтарының рухани интеграциясының болашағы қалай болады?

Тимур Қожаоғлы: «Меніңше, келешегі жақсы болады. Себебі, жақсы қадамдар жасалып жатыр. Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыруға қатысты мақаласы дамуға жол ашады. Рухани дамуыңыз жақсы болмаса, экономиканың пайдасы болмайды».

Ғалым хабар барысында қазақ поэзиясы, прозасы, жазушыларын, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, кейін Дихан Досжановты оқығанын айтып берді. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшуде нені ескеру керегіне тоқталды.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу