Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша «Архив-2025» бағдарламасы құрылып жатыр. Бұл архив саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге үлкен серпіліс береді. Шетелде және отандық архивте өзіміздің тарихқа қатысты деректерді жинау науқаны басталды. Алда бізді үлкен жұмыс күтіп тұр.
Елімізде үлкен 19 архив бар. Оның ішінде 3000 архив қызметкерлері жұмыс істейді. Архив саласы - жас салалардың бірі. Қазіргі уақытта архивке, әсіресе, жастар тарапынан сұраныс артып жатыр. Егемендік алған күннен бастап барлық мемлекеттік органдардың құжаттары бізде. Ғалымдар, тарихшылар, магистранттар, жастар келіп танысып жатыр. Алыс-жақын шетелден, кезінде елден көшіп кеткен азаматтар да сұрау жібереді.
Жақында Ұлттық архивте Елбасының цифрлық бағдарламасына қатысты республикалық конференция өтті. Тарихшылармен, мамандармен архив саласына талқылау жасадық. Оның ішінде, архивтегі құжаттарды цифрландыру жайы бар. Барлық өңірде архив құжаттарын цифрлау басталып кетті.
Архив ашық, қолжетімді болуы керек. Бірақ маңызды, құпия құжаттар цифрландырылмайды. Қауіпсіздік мақсатында құжаттарды сақтаудың өз тәртібі бар.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.