Әншілер отбасы Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева Алматы студиясының қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Балалармыздың балалық шағы есімізде қалсын деп соңғы әніміздің бейнебаянын соларға арнадық. Бейнебаянға екі ұлымыз да түсті.
Одан бөлек студияда басқа жұмыстар жасалып жатыр. мысалы, жаңа әндер жазып, репертуар толықтырып жатырмыз.
Жеке концерт беру жоспарда бар. Бірақ қашан болатыны әлі белгісіз», - дейді өнер иелері.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.