Сиви Махмуди: Жете алмай жүрген армандарым әлі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сиви Махмуди: Жете алмай жүрген армандарым әлі көп

28.11.2018

Байлық немен өлшенеді? Біреулер үшін ол көп ақша, армандаған көлік, бағалы әшекей, зәулім үй. Осының барлығына қол жеткізсе де, төрт құбыласы тең емес жандар бар.

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Мен баймын, бірақ...». Әнші Сиви Махмуди бағдарлама қонағы болды.

«Ең бастысы – денсаулық. Әрине, әлемдегі бай адамдар қатарында болғым келеді. Оның сыры - тынбай еңбек ету, шаршамау. Байлық жеңіл жолмен келмейді.

Қазіргі заманда таныс, бауырсыз қиын. Адам таңдамаймын. Арамызда қарапайым бақуатты адамдар да бар.

Арман біткен күні өмір тоқтайды. Сондықтан, арман бола береді. Жете алмай жүрген мақсат, армандарым әлі көп. Мысалы, мамандығым журналист. Бірақ, мамандық бойынша жұмыс істеген жоқпын. Ол болашақтың еншісінде», - дейді әнші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу