«Қошқар ата» күйіне бейнебаян түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қошқар ата» күйіне бейнебаян түсірілді

28.11.2018

Қошқар ата мұрасын зерттеп, халыққа насихаттап жүрген жандардың бірі кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай.  Оралбек Ботбай күйші Темір Дулатпен «Қошқар ата» күйіне бейнебаян түсірген.

«Қошқар ата – тарихи тұлға. Зерттелмей қалған тұстары көп. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау - әр азаматтың парызы. Көктемде Қошқар ата туралы зерттеуімді әрі қарай жалғастырсам деген ой бар.

Сондай-ақ Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жыл – «Жастар жылы». Осыған орай «Қошқар ата» экспедициясын ұйымдастырып, жастарды, шәкірттерімді таныстырсам деймін», - дейді зерттеуші.

 

Тарихта Қошқар ата Ислам дінін уағыздаушы, батыр, саудагер болған деген әртүрлі деректер кездеседі. Соның бірінде Қаратау өңірінде дүниеге келіп, ХІ ғасырда өмір сүрген делінеді. Жастайынан зеректігімен ерекшеленген оны ата-анасы жеті жасында Бұқараға жіберіп, діни сауатын ашады. Сонда оншақты жыл оқып келген. Өзінің шын аты – Қылыш болған деседі.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу