Некесіз жұптасу қазақтың қанында жоқ, Батыстан келген құбылыс. Алайда тез сіңіп бара жатқан сандар басқаны дәлелдейді. Қазіргі жұптардың 20 пайызы – азаматтық некеде. Жыл сайын дүние есігін ашатын сәбилердің 22 пайызы азаматтық некеден. Сорақысы, үйленбей-ақ үй болғысы келетіндердің көбі ажырасып кетіп жатыр.
Азаматтық неке дұрыс па, әлде қағаздағы мөр маңызды ма?
«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Азаматтық некені таңдаймын». Студия қонағы азаматтық некеде тұрып жатқан жұп Мирас пен Айнамкөз оқиғасымен бөлісті.
«Азаматтық некеде тұрғанымызға 1,5 жыл болды. Ұсынысты Айнамкөзге мен тастадым. Қоғамда отбасын құрып, тез ажырасып жатқандар көп. Азаматтық некеде тұруымызға көп нәрсе түрткі болды. Десе де азаматтық некенің еш кемшілігі жоқ.
Қазір біз студентпіз. Арамыз бір жас, бірақ ол мінезге қатысы жоқ. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Жоспарда үйлену бар. Ата-анамыз бір-бірін таниды. Бір-екі жыл ішінде үйленіп қалармыз», - дейді Мирас.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.