Алматы облысында Қытайдан келген қазақтарға жалған құжат жасағандар анықталды
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, ҚХР-дан келген қандастарға әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан адамдар тобы анықталды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға орнын тексеру барысында, ҚХР-дағы еңбек өтілін растайтын құжаттар, ҚХР-ның әртүрлі ұйымдарынның мөр бедерлері, нотариалдық қағаздар, станок және басқа да заттар тәркіленіп алынды. Аталған бұйымдардың көмегімен, әртүрлі қосалқы жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер) жасалынған», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05