Ер адамдар әйелдеріне не себептен қол жұмсайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ер адамдар әйелдеріне не себептен қол жұмсайды?

20.11.2018

БҰҰ-ның жүргізген зерттеуі бойынша елімізде жылына 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Ай-күннің амандығында күйеуінің қолынан ажал құшатындардың жиілеп кеткені жаға ұстатады.

Ер адамдар әйелдеріне не себептен қол жұмсайды? Бұл ауру ма, әлде кінә әйелден бе? Зорлық көрсеткен адамдарға қандай заң қолданылады?

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Күйеуім қол жұмсайды». Студия қонағы Айнұр өз оқиғасымен бөлісті.

«Отау құрғанымызға 4 жылдан асты. Бір ұл, бір қызымыз бар. Танып-біліп, кездесіп үйлендік. Үйленгеннен кейін 5 айдан кейін маған қол көтере бастады. Ішкені арақ болды. Тапқан табысын міндет етіп, мені де, балаларды да ұра бастады.

Ерегіспей, бетіне қарап отырсам да, ұратын себеп тауып алады. Ер-азамат биік тұру керек деп есептедім. Сау кезінде де намысқа тиетін сөздер айтады. Ішіп алса, міндетті түрде ұрады. Көңіл-күйі жақсы кезінде ақырындап сөйлессем де бой бермейді. Өзімнің тарапымнан барлық амалды жасап көрдім.

Осы уақытқа дейін шыдадым. Былтыр үстінен арыз жаздым. Екеумізді сотқа шақырды. Сотқа бармай, қашып жүр», - дейді кейіпкер.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу