Ажырасудың себептері айтылды

11.09.2019

Қазақстанда жұптардың ажырасуына алып келетін басты себептер айтылды. Көбіне-көп ер адамдардың жұдырық жұмсауы немесе опасыздық жасауы отбасының күйреуіне әкеледі екен. Елорданың Алматы аудандық сотының жанынан ашылған ресурстық орталық осындай қорытындыға келіп отыр. 

«Бақытты отбасы» жобасының басты мақсаты да сол - жұптар некелерін неліктен бұзатынын анықтау. Жай ғана анықтап қоймай, алдын алу, ажырасуды болдырмау. Орталықта қызмет ететін психологтар мен судьялар арыз жазып келген ерлі-зайыптылармен жұмыс істейді. Осының арқасында биылғы жылдың алты айында неке бұзуға бел буып келгендердің жартысына жуығы шаңырақтарын сақтап қалған екен. 

Жалпы, жыл басынан бері бір ғана Алматы ауданында екі мыңнан астам отбасы үй болудан бас тартқысы келген екен. 

Сайраш Жүкенова, медиатр:

Административный соттарға көбінесе зорлық-зомбылықпен арыздар түсіп жатады. Ерлері көбінесе әйелдеріне қол көтеріп, ұру, оның барлығы балаларының көзінше болады. Біз психологтармен, заңгерлермен, медиаторлармен бірге бәріне түсіндіреміз. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу