«Мәселе» шешкен мәселе. Тәтті тоқаш адамға артық салмақ қоспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» шешкен мәселе. Тәтті тоқаш адамға артық салмақ қоспайды

17.11.2018

Дәстүрлі «Мәселе» шешкен мәселе айдарына келейік. Бұл жолы тілшіміз сенсациялық жаңалық дайындап қойыпты. Гарвардтың ғалымдары 25 жыл бойы зерттеу жүргізіп, көмірсуларды көп тұтынбаған адам ажалға тым жақын болатынын айтты. Көмірсу дегеніңіз түрлі тәтті тоқаштарда, нандарда тым көп. Десе де, ғалымдар бұларды асау керек дейді. Оған қоса, аталған тамақтар адамға артық салмақ қоспайды екен. Керісінше, ағзаны сау қалпында ұстап тұрады деген қорытынды жасапты. Ешқандай фитнеске барып, жүгіріп-секіріп тәніңді қинамай-ақ тәтті тоқашты асап жүріп-ақ артық салмақты тастаудың жолдарын көрсетіпті. Тәттіге тәбетімізді ашқан гарвардтық ғалым Уолтр Уиллиттің зерттеуін тілшіміз біздің мамандарға көрсетіп шықты.

 

 

Хабарламаларға жазылу