Оқушы алаңсыз оқуы үшін мемлекет не тындырды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы алаңсыз оқуы үшін мемлекет не тындырды?

17.11.2018

Америкалық философ Джон Дьюидің: «қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал» дегені бар. Сол басты құрал бос болмауы үшін мемлекет тағы қандай қайрат қылады деген сауал туады кеудеде. Әрине, жылына әр оқушыдан 50 000 мың еуро, теңгенің тіліне салсақ 21 миллион теңгеден астам қаржы талап ететін Institute Le Rosey деп аталатын корольдер мектебіндегідей жағдай бола қоймас. Мұны халық та түсінеді. Тек тәуелсіз елдің ұрпағы ел қатарлы оқыса дейміз. Есеп бергенде есті алатын жауапсыз әкім-қаралар халықты құрғақ уәдемен тойдырып кетпесе болды. Мемлекеттің мектептерді енді қалай түрлендіретінін Азамат Бейбітұлы айтады.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу