Олжас Абай: Актерлығымды кино саласында сынаудамын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Абай: Актерлығымды кино саласында сынаудамын (ВИДЕО)

25.05.2016
Олжас Абай: Актерлығымды кино саласында сынаудамын (ВИДЕО)

Актер, әнші Олжас Абай - «Таңшолпанда» қонақта.

Олжас Абай  Ұлттық арна көрермендеріне «Қара шаңырақ» телехикаясы арқылы жақсы таныс. Одан кейін отандық «Бәсеке», «Әулет» фильмдеріне түскен.

«Театр әлде әншілік жақын ба?» деген сұрақтар жиі қойылады. Алғашқы мамандығым - актерлық. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын Оразхан Кенебаевтың сыныбынан бітіріп шықтым.  Қазір екі жылдан асты,  театрда жұмыс істемеймін. Актерлығымды кино саласында сынаудамын», дейді өнер иесі.

Әнші жақында «Бомба» атты әнге бейнебаян түсірді. Музыкалық продюсері - Ұшқын Жамалбек. 

Студия қонағының жұртшылықпен бөлісер тағы қандай жағымды жаңалықтары бар?  Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.   

Хабарламаларға жазылу