Ұлттық валютамыз теңгеге – 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық валютамыз теңгеге – 25 жыл

15.11.2018

1993 жылдан бері теңгенің дизайны түрлі өзгерістерге ұшырады. Алғашқы жыдары әл-Фараби, Сүйінбай Аронұлы, Абай Құнанбайұлы секілді тұлғалар валютамыздың бет-беделіне айналды. Кейіннен табиғат ландшавтылары шықты. Бұған қоса Қысқы Азиада ойындарына, Ислам конференциясына арналған мерейтойлық банкноттар шығарылды.

Ал 2011 жылдан бастап қазір біз қолданып жүрген ақшалар қолданысқа енгізілді.

Теңгенің тарихы тереңде жатыр. Ширек ғасырда валютамыз Егемен елмен бірге талай сыңдарлы кезеңдерді бастан кешірді.

Бастапқыда теңгенің құны өте жоғары болды. Десе де бұл уақытта нарықтық экономикаға көшіп  жатқан социалистік елдердің бәрі шартты есептеу бірлігіне АҚШ долларын қолдануға көшті. Сәйкесінше біздің елде де тауардың барлығы доллармен бағалана бастады. Бұл тұста доллар 4 теңге болатын. Кейіннен ел экономикасы жағдайының өзгеруіне байланысты валютамыздың әлеуметі төмендеп, мүліктің барлығы доллармен өлшенді. Осылайша доллар бағасы шарықтап экономикамыз инфляцияға ұшырады.

Алайда осындай олқылықтың алдын алу үшін ішкі нарықтағы барлық тауар тек теңгемен сатылсын деген заң шықты. Содан бастап жағдай оң сипат ала бастады.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу