Аутизмге шалдыққан баланың анасы: Баламның сырқатын екпеден көремін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аутизмге шалдыққан баланың анасы: Баламның сырқатын екпеден көремін

08.11.2018

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Бізді шектемеңіздер».

Елімізде сырқат балалары бар отбасылар жеткілікті. Ешбір жағдайға қарамастан өмірге бала әкеліп, тәрбиелеп отырған шаңырақтар бар. Бірақ, олар көптеген қиындықтармен кездеседі, перзенттерінің өмірінде шектеу бар екенін сезеді.

Қаламқас Шайкенова:

Баламның ауруға шалдыққанын ол екі жастан асқанда білдік. Оған дейін сөйлеп, жүрген кәдімгі бала еді. 1 жас 9 айында кезекті екпесін алдық. Бірнеше күн мазасызданып, ұйқысы бөлініп, жылап жүрді. Невропатолог маман «ол қалыпты жағдай» деді. Баламыздың жағдайы күннен-күнге кері кете берді. Мұндай балаларға диагноз тез қойылмайды. Ол үшін көп бақылап, тексеру керек.

Екі жастан асқанда жолдасым мақала оқып, баламның бойындағы белгілерін таныды. Ресми диагноз 4 жасында қойылды. Бармаған жеріміз жоқ, біраз есік қақтық. Аутизм проблемасы әлемде толық зерттелмеген. Шетелде мұндай диагнозды 1,5 жасқа дейін анықтайды. Оның себебін нақты ешкім айта алмайды. Ондай балалар көбейіп келе жатыр. Ана ретінде екпеден көремін.

Жолдасым, туыстарым қолдап, көмек беріп, осы күнге дейін алып келе жатырмыз. Аутизм ауруына шалдыққан балаларға әлеуметтік жағынан қиын. Олар басқа балалармен байланыс орната алмайды, ойын жеткізе алмайды, сыртпен байланысы үзіледі.

Балам арнайы мектепте емес, жалпы мектепте инклюзия бағдарламасы бойынша 3 сыныпта оқиды. Өйткені сабақ оқып, айтқанды ұға алады. Басқа балаларға қарап, түзеліп кетуі әбден мүмкін. Баламның сауығып кететініне сенеміз.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу