Үш қыздың анасы Гүлжарқын Құрбанбек: Жолдасым қыз таптың деп сөз айтпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш қыздың анасы Гүлжарқын Құрбанбек: Жолдасым қыз таптың деп сөз айтпайды

07.11.2018

Қыз бала әкеге жақын болады. Бірақ, әке үшін артынан тұтқа болатын ұл баланың орны ерекше. Ер адам қашан да ұлды армандайды.

«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Ұл тапқым келеді». Студия қонағы Гүлжарқынның үш қызы бар. Қыздардың арасы бір жастан. Оның арманы – дүниеге үл әкелу.

«Балаларымның ешбірін жоспарлап тапқан жоқпын. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірінен кейін бірі үш қыз тудым. Үшінші қызымды зерттеуде ұл бала деді. Екі айдан соң қыз екені анықталды. Шыны керек, үшінші қызымды туғым келмеді. Тағы бір бала тапсам, қалай үлгеремін деп ойладым. Алайда, қазір шүкіршілік етемін. Жолдасым қыз таптың деп сөз айтпайды. Соңғы кездері төртінші балалы болсақ дегенді айтып жүр. Мен тағы қыз босанамын ба деп қорқамын», - дейді кейіпкер.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу