«Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «көпшіліктің құрметіне бөленген» мансап жолындағы қыздар. Журналист мамандар Айгүл Әбілқали, Жанар Байсемізова, Нәзір Сүлеймен студия қонағы болды.
Қазір мен өзімді темір бикеш санамаймын. Жолдасымды 37 жасымда кездестірдім.
Қоғамда қыздарға ыңғайсыз қойылатын сауалдардың бірі - оның тұрмыс құрмағандығына қатысты. Бұл үрдіс азайып келде жатыр. Дегенмен, адам осындай сұрақ қойғанда не үшін сұрап отырғанын білу керек. Адамның ар-намысына тиетін сұрақты қою – орынсыз.
Қыз бала ұзақ уақыт тұрмыс құрмаса, оның бойында қаттылық байқалады. Өйткені, ол ер адамның қамқорлығын, мейірімін көрмеген. Сыртынан нәзік болғанымен, іштей қатты болады. Қазіргі қоғамда шетелден келген үрдіс - оқу, жұмыс істеу, қызметте табысқа жету және тағы басқасы. Осыған жеткен қыз өзіне тән ер-азаматты іздейді. Ол өзін қалыптасқанмын деп есептейді. Ал, әйел осындай пікірге келгенде бұл құлдырауды (деградацияны) білдіреді. Қоғамда оның білімі, жұмысы, көлігін жайлы деп қабылдайды. Бірақ, ол құлдырау.
Айгүл Әбілқали:
Бүгінде халық мені тілші ретінде таниды. Жеке өмірім туралы, яғни, тұрмыс құрмағанымды білмейді. Жасым 30-да. Қоғамда қыздарымыз өз табиғатынан ажырап қалған сияқты. Яғни әйелдік болмысымыздан аттап, ер-азаматтармен қатар белімізге «шоқпар байлап», бәсекеге түсіп кеттік. Десе де, меніңше, «Темір бикештер» ұғымы әйелдің отбасылы немесе бойдақ болуына байланысты емес.
Тұрмыс құрмаған қызға ақыл айтып, қоғамнан бөлу ол қызға көрсеткен құрметсіздік. Өйткені, адамның жеке мәселесіне тиіп, «бала туып ал», «тиіп ал» деген әңгімені қаламаймын.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
