Қазақ әдебиетіндегі орны ерекше қаламгерлердің бірі - ақын-драматург Исраил Сапарбай.
Ақын Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңге қоныс аударып келсе де, Алматыдағы оқырмандарымен жүздесіп тұрады. Шақырылған кездесулер мен қаламгерлер бас қосқан жиындардан шет қалған емес.
Шығармашылық жолында бірнеше жанрдың басын қосып, көпшілікке рухани ләззат сыйлап келе жатқан қаламгер үшін поэзия мен ән қос қанаты іспетті.
Жазушы құлақтан кетпес талай әндердің авторы. Оның айтуынша ән, әуен, саз ғарыштан келеді.
Жазушының шығармашылық өмірінде өзге қандай жаңалықтар бар? Ол туралы «Таңшолпанның» тілшісі біліп қайтты.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.