Ауылдағы дәрігерлердің жағдайы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдағы дәрігерлердің жағдайы қандай?

03.11.2018

Алдымен ауылдағы дәрігерлердің ахуалын айтайық. «Басы ауырып балтыры сыздағандар» алып-ұшып шағын мекендегі бірді-екілі ақ халатты абзал жанға асығады. Ауру алқымнан алғанда ажалға ара түсе ме деген үмітпен. Бірақ, ауылдағы дәрігерлердің не дәрісі толық емес, ол аздай отырған ғимараттары олпы-солпы дегенді көп естиміз. Тиісті емді алмаған соң, қажетті екпені салмаған соң ағайын арызданады. «Ауру атанды да шөктіретінін» ескерсек, ауылдағы науқасқа тиісті ем-дом көрсетілмеген соң, ауданнан маман алдырады. Олар келгенше қарапайым ел жер құндақтап қалады.

Алыс елді мекендердегі дәрігерлердің дәрісі қат, екіншіден айлықтары түкке жетпей жан қинайды. Десе де, алыстағы ағайынның арашашысы боп отырған жандардың жағдайы қалай, оларды биліктің биігіндегілер неге көзге ілмейді?

 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу