Ерлан Қабатай: Қанша заң шықса да, қазақ тойдан бас тартпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қабатай: Қанша заң шықса да, қазақ тойдан бас тартпайды

26.10.2018

Ортаазиялық мемлекеттер арасында отбасылық мерекелер заңмен бекітілмеген жалғыз мемлекет - Қазақстан.

Шоумен Ерлан Қабатай «Таңшолпанда» қонақ болып, қоғамда көтеріліп жүрген тойға реформа жасау және салыққа қатысты мәселелерге ойын білдірді. 

«Қазақтың қазынасы – той. Қазақ тойды жарысып жасайтын халық. Біреудің ұлы, біреудің қызы жалғыз. Қанша жерден заң шығарса да, қазақ той жасауды тоқтатпайтын секілді.

Өз басым реформалар еніп, заң шығып жатса, қолдаймын. Одан кейін тойларда асабалардың шығаратын ойын-сауық бағдарламаларына да назар аударуға болады», - дейді шоумен.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу